Түркістанда шетелдің деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Түркістан облысында іздеуде жүрген өзбекстандық деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды.

Түркістанда шетелдің деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
polisia.kz
1280

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды.

Полицияның мәліметінше, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталған. Ер адам өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды.

Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті-діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары