Қызылорда тұрғыны полицейлерді пышақпен қорқытып, киімін жыртқан

Полиция қызметкерлері заң шеңберінде УАЗ көлігінің жүргізушісіне құжаттарын ұсынуын сұраған уақытта жүргізуші балағат сөздер айтып, заңды талабына бағынбаған.

Қызылорда тұрғыны полицейлерді пышақпен қорқытып, киімін жыртқан
Фото: видеодан кадр
941

Қызылорда облысында полицейлерді пышақпен қорқытып, киімін жыртып, қарсылық көрсеткен ауыл тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz

Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларды қорлау, бағынбау және күш қолданумен байланысты құқықбұзушылықтар тіркеліп жатыр. 26 қыркүйек күні Жалағаш аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аймақ аралау барысында жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде УАЗ көлігінің жүргізушісіне құжаттарын ұсынуын сұраған уақытта жүргізуші балағат сөздер айтып, заңды талабына бағынбаған. Пышақпен қорқытып, киімін жыртқан.

Қарсылық көрсеткен азамат Жалағаш ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып алаңына қойылды.

«Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер де күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 2 000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Polisia.kz хабарламасында.

«Осы орайда барлық азаматты тәртіп пен заңдылықты сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақыра отырып, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкіліне қарсылық көрсеткендер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеміз», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

 

 

Серіктес жаңалықтары