Тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
2021 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «The Finiko»-ны ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды.
Тараз қаласының аумағында «The Finiko» қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.
Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «Thefiniko.СОМ» бағдарламасы арқылы салымшыларды (инвесторларды) тартқан. Олардың қаражатына (криптовалютасына) әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті жүргізіп, кейіннен түскен ақшаны қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталған.
2021 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «The Finiko»-ны ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныды.
Қазір қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу амалдары мен тиісті сараптамалар жүргізілуде, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
«The Finiko» қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұраймыз, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.