Алаяқтық үшін сотталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды (ВИДЕО)

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Алаяқтық үшін сотталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды (ВИДЕО)
Бас прокуратура
1090

Украинаның Әділет заразминистрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат «М» Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

«Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.

2019 жылы «М» азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуде жүрді. Тамызда іздеу жариялаған адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады. Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады», - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

 

 

Серіктес жаңалықтары