Батыс Қазақстан облысында киіктер қырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысында киік өлексесі көбейген.

Батыс Қазақстан облысында киіктер қырылып жатыр
Astana.tv
1435

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ақбөкендер төрт түлікпен бірге жайылып, бір жерден су ішеді. Сондықтан бір-біріне ауру жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

«Нағыз жайылыс уақытында осы Бөкей Ордаға келіп жайылады. Киіктен зардап шегіп жатырмыз деп екінің бірі айтады. Айналамыздағы пункттің кейбір жерлерінде 7-8-ден өліп жатқан киіктің басы. Ал ауру ма, оны ешкім де білмейді. Оны сараптап, ізденіп жатқан ешкім жоқ», – дейді шаруа Қайрат Насимуллин.

Ал мамандар бөкендердің қырылуын қалыпты жағдай дейді.Себебі, төрт жыл ғана өмір сүретін киіктің әлсіреп арықтауы, тіпті қартайып өлуі - табиғи құбылыс. 

Сала өкілдерінің айтуынша, келесі айдан бастап, Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің санын реттеу басталады. Аймақтағы ет өңдеу комбинаттары екі айда 120 мың киікті союға дайын.

«Киік саны көбейген сайын, оның өлексесі де көбейеді. Бұл - табиғаттың заңы. Биыл жыл басынан 1371 бас киік өлексесі тіркелді. Ешқандай ауру белгілері жоқ деп жауап келді», – дейді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжанов.

Серіктес жаңалықтары