Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 1993 жылы туған азамат 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілді.
« 26 қыркүйек күні сағат 12:08-де Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды», – делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары, ҚР ҰҚК шекара қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер де жұмылдырылды.