Азиада-2023: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокдаунмен жеңді

1/8 финалда Махмұд Сабырхан Солтүстік Корея елінен келген боксшымен жұдырықтасады.

Азиада-2023: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокдаунмен жеңді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz

57 келіде сынға түскен отандасымыз Оңтүстік Корея елінен келген Ичан Лиді жеңді. 

Махмұд Сабырхан екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

1/8 финалда Махмұд Сабырхан Солтүстік Корея елінен келген боксшымен жұдырықтасады.