Шымкентте КамАЗ жүргізушісі 2-сынып оқушысын қағып кеткен

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған қыз екі аяғы сынған деген диагнозбен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Шымкентте КамАЗ жүргізушісі 2-сынып оқушысын қағып кеткен
ашық дереккөз

21 қыркүйек күні сағат 13:10 шамасында Шымкенттің Абай ауданы аумағында «Асар-2» шағын ауданындағы Атакент және 2-ші көшелердің қиылысында «КамАЗ-5320» жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға салдарынан екі аяғы сынған деген диагнозбен оқушы жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.