Күйеуінен ажырасқан келіншек үш баласын сатып жіберген

Үш бала да табылды. Тергеу жүріп жатыр.

Күйеуінен ажырасқан келіншек үш баласын сатып жіберген
turaninfo.kz
1065

Соқылық ауданында ажырасқан келіншек кішкентай балаларын сатып жіберген. Бұл туралы Шу облысының ішкі істер басқармасы ақпарат таратты, деп хабарлады turkystan.kz.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, Соқылық ауылының тұрғыны милицияға арызданып, бұрынғы әйеліне қатысты шаралар қабылдауды сұраған. Өйткені әйел балаларын оған көрсетпей қойған. Түрлі сылтаумен әйелдің өз балаларына жолатпауы, сондай-ақ арадағы жағдайды реттеу ниетімен барған сайын балалардың үйде болмауы ер адамда күдік-күмән туғызған.

Балалармен кездесуден бас тарту фактісі Соқылық ауданының ІІД-да тіркелген болып шықты. Бұған қатысты тергеуге дейінгі тексеру басталды.

«Азамат Д. Н. 2021 жылдың 7 наурызында туған қызын Мәскеу ауданының тұрғынына, ал 2022 жылы 28 сәуірде туған ұлын К. деген азаматқа сатқан. Сондай-ақ 2023 жылы 16 наурызда дүниеге әкелген қызын М. деген әйелге сатқан», - делінген хабарламада.

Келіншектің ажырасқаннан кейін балаларын сатуға кіріскені нақтыланады. 

Аталған факті бойынша Соқылық аудандық ІІД Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабында (бала саудасы) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мииция қызметкерлері әйелді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соқылық ауданының тергеу судьясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.

Үш бала да табылды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары