15 жыл бұрын қылмыс жасаған шетелдік Алматыда ұсталды

2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған

15 жыл бұрын қылмыс жасаған шетелдік Алматыда ұсталды
polisia.kz

Алматыда Өзбекстан ІІМ-мен 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алматыда көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы Р.есімді азаматты ұстады.

«Қылмыскер «Іздеу – ТМД» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Өзбекстан ІІМ Сурхандария облысы ІІБ 1982 жылы туған Р.есімді Өзбекстан азаматын 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.