Баян Алагөзова күйеуіне киноға түсуге үзілді-кесілді тыйым салды

Бағдарлама барысында жүргізуші «Әйелі танымал продюсер бола тұра, Тұрсын Алагөзов неге кино саласында бақ сынамады?» деп сұрады.

Баян Алагөзова күйеуіне киноға түсуге үзілді-кесілді тыйым салды
Фото: instagram
2528

Шоу-бизнесте танымал жұп Тұрсынғали мен Баян Алагөзовтер Динара Сәтжанның The DS' Show бағдарламасында кино әлеміне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бағдарлама барысында жүргізуші «Әйелі танымал продюсер бола тұра, Тұрсын Алагөзов неге кино саласында бақ сынамады?» деп сұрады. Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзіне  киноға түсуге бірнеше ұсыныс түскенін айтты. Алайда Баян Алагөзова күйеуінің киноға түсуіне қарсы болған.

«Тұрсынды үш рет басты рөлге шақырды. Олар маған хабарласып, «Кез келген гонорарды төлейміз. Тұрсын басты рөлге түсуі керек» деп сұрады. Бізде 45 жастан асқан, бойы ұзын, байсалды, келбетті актерлер жоқтың қасы. Мен оған түбегейлі қарсымын. Мейлі, бұл кәсіби болсын немесе жай ғана қызғаныш болсын. Біріншіден, Тұрсын мені тасада қалдыруы мүмкін. Екіншіден, түсірілім алаңында көңіл қосатындар көп. Мен кадрдың, актердің көзіне қараудың не екенін білемін. Тартып алып кетуі мүмкін. Ешқандай кепілдік жоқ», – деді Баян Мақсатқызы.

 

Серіктес жаңалықтары