Маңғыстауда ер адам жалған ақша сатқан

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, осы іске қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

Маңғыстауда ер адам жалған ақша сатқан
1115

Полиция қызметкерлері күдіктіден жалпы сомасы 3 850 АҚШ долларын құрайтын жалған ақша тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.           

Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары жалған ақша сатуға қатысты қылмыстық әрекеттердің жолын кесті. Жалған ақша белгілерін, атап айтқанда, 50 АҚШ долларын заңсыз сатты деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

«Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында құқық қорғау органдарына жалған валютаның сатылғаны туралы факті анықталды. Артынша күдіктіден заттай айғақ ретінде жалпы сомасы 3 850 АҚШ долларын құрайтын жалған ақша алынды», – деп жазылған Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада. 

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, осы іске қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары