Ақтау тұрғыны сатып алған ұнның ішінен құрттар шыққан

Қала тұрғыны өз сөзінің дәлелі ретінде видео түсірген.

Ақтау тұрғыны сатып алған ұнның ішінен құрттар шыққан
lada.kz
1150

Тұрғынның айтуынша, жақында ол 11а шағынауданындағы «Жігер» сауда орталығынан  екі келілік «Бейнеу» бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алған деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ал қапты ашқан кезде ішінен құрттар шыққан. Алайда өнімнің шыққан күні жақында екені көрсетілген. Келесі күні ол күйеуімен бірге супермаркетке барып, жағдайды түсіндіріп, видеоны көрсеткен.

«Администратор ұнды жаңасына ауыстыруды ұсынды. Олар тіпті жәндіктердің бар-жоғын білу үшін жаңа қалтасын ашып көрсетті», - дейді жергілікті тұрғын Гүлмира.

Оның сөзінше, осындай жағдай бірінші рет емес. Бұған дейін оның таныстарында да болған.

Серіктес жаңалықтары