Ұлытауда Сириядан жеткізілген ДАИШ содыры 6 жылға сотталды

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Ұлытауда Сириядан жеткізілген ДАИШ содыры 6 жылға сотталды
ашық дереккөз

Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды", - деп жазылған хабарламада.