Азия ойындарына бара алмаған Санжар Тәшкенбай Ақтауда өткен турнирде жеңіліп қалды

20 жастағы Санжар Тәшкенбай – әлем чемпионы.

Азия ойындарына бара алмаған Санжар Тәшкенбай Ақтауда өткен турнирде жеңіліп қалды
ашық дереккөз

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Ақтауда Шоқыр Бөлекұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

51 келі салмақта белдескен Санжар ақтық сында БҚО тумасы Даниял Сәбитпен кездесіп, күтпеген жерден төрешілер шешімімен жеңілді.

Осылайша, Даниял - алтын, ал Санжар күміс жүлдені еншіледі.

Еске сала кетейік, 20 жастағы Санжар Тәшкенбай биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын.