ШЫҰ Жастар кеңесі – тәжірибе алмасудағы алтын көпір

Халықаралық жастар-саяси лагері елдер арасындағы достық пен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

ШЫҰ Жастар кеңесі – тәжірибе алмасудағы алтын көпір
487

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастырумен өтіп жатқан «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» ШЫҰ Жастар кеңесіне төрағалық ету шеңберіндегі халықаралық жастар-саяси лагері елдер арасындағы достық пен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Оның айқын дәлелі - лагерь аясындағы ШЫҰ Жастар кеңесіне мүше елдердің қатысуымен өткен пленаралық отырысы.  Онда Тәжікістан Республикасы,  Тәжікстан Жастар одағы аппаратының басшысы Хусензода Фаридун ашық есік саясатының арқасында ел азаматтары әртүрлі салаларда жақсы қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастық орната алды  деп атап өтті:

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының біздің елдегі қызметі халықаралық қатынастар қағидаттарының сақталуын және осы беделді ұйымның жарғысында белгіленген тұтастықты ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл алдағы і қызметі ынтымақтастық процесінің тиімділігіне әкеледі деп айтуға болады. ШЫҰ-ға мүшелігі аясында азаматтар мен жастарға жаңа көпір ашылды,- деді Ф. Хусензода.

Сонымен қатар, Тәжікстан Жастар одағы аппаратының басшысы халықаралық жастар-саяси лагерінде қозғалып жатқан есірткімен күрес, нашақорлық бағыттарының Тәжікістандағы өзектілігін айтты.

«Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Бішкекте өткен ШЫҰ - ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде ШЫҰ шеңберінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі жеке ұйым құруды ұсынды. Осы тұста,  Қазақстан Республикасы тарапынан аталған ұсынысты жүзеге асыруда бірлескен жұмыстар атқарытынымызға сенімдіміз», - деп атап кетті.

Серіктес жаңалықтары