Азия ойындары: Қоңқабаев пен Жалоловтың жекпе-жегі қашан өтеді?

Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі өнерін Данис Латыпов (Бахрейн) – Мохаммед Млайес (Сирия) жұбының жеңімпазына қарсы жекпе-жектен бастайды.

Азия ойындары: Қоңқабаев пен Жалоловтың жекпе-жегі қашан өтеді?
Фото: ашық дереккөз

 Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында бокстан өтетін турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның қорытындысы бойынша турнирде аса ауыр салмақтағы (+92 келі) Қазақстан мен Өзбекстанның «эль-класикосы» Қамшыбек Қоңқабаевтың Баходир Жалоловқа қарсы кездесуі қашан өтуі мүмкін екені белгілі болды. Болжам бойынша, олар тек финалда кездесе алады.

Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі өнерін Данис Латыпов (Бахрейн) – Мохаммед Млайес (Сирия) жұбының жеңімпазына қарсы жекпе-жектен бастайды. Баходир Жалоловқа келсек, ауыр салмақтағы өзбекстандық 2023 жылғы Азия ойындарында алдымен Мухаммад Аброридинов (Тәжікстан) – Аль-Хефейт (БАӘ) жұбының жеңімпазына қарсы жекпе-жек өткізеді.