Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жарияланды

21 қыркүйек күні жол апатынан зардап шеккен 6 оқушы Нарынқол ауылынан Райымбек орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Алматы облысында көлік қағып кеткен оқушылардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жарияланды
Фото: ашық дереккөз
969

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Нарынқол ауылында көлік қағып кеткен мектеп оқушыларының жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Басқарма мәліметі бойынша, 21 қыркүйек күні жол апатынан зардап шеккен 6 оқушы Нарынқол ауылынан Райымбек орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде үш бала жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр. Бүгін, 22 қыркүйекте екі бала Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Бір бала медициналық тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

 

Серіктес жаңалықтары