Атырауда балалар ауруханасында 10 адам лифтіде қамалып қалған (ВИДЕО)

Лифт ішінде балалар мен ата-аналар болған.

Атырауда балалар ауруханасында 10 адам лифтіде қамалып қалған (ВИДЕО)
© Fotolia / Kadmy
1179

Атырау облыстық балалар ауруханасы ішінде 10 адамы бар лифт бұзылып, шахтадан бір-ақ шықты, деп хабарлайды turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Оқиға күндізгі сағат 11-лер шамасында болған. Лифт ішінде балалар мен ата-аналар болған. Лифт ішіндегілер мән-жайды видеоға түсіріп, түсіндіріп жатты.  «Құдай сақтап өлімнен аман қалдық. Есікті ашсақ, шахта көрініп тұр», – деді ата-ананың бірі. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі лифтте болған жағдайға байланысты түсініктеме берді. 

«Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 келі, яғни 8 адам. Лифт есігінің сыртында тек “Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту қағазы тұрғанымен, пациенттердің ата-аналары оны ескермей, 10-нан астам адам лифтке мінген. Шамадан тыс жүктеме болғандықтан, лифт уақытша істен шықты. Сағат 11:20-да техникалық ақау реттеліп, лифт қайта іске қосылғанын хабарлаймыз», – деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Абырой болғанда, олардың ешқайсысы да зардап шекпеді.

 

Серіктес жаңалықтары