Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды
Ашық дереккөз
1081

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Шамұрайт Шәменов мәлімдеді.

Басқарма басшысының мәліметінше, лауазымды тұлға қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра кәсіпкерлік қызметті ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 154-бабының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған. Бұл үшін әкім орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынды.

"Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "1424" Call-орталығына хабарлауға болатынын естеріңізге саламыз", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары