Алматыдан Балиге тікелей әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристердің көптеп келуі үшін тікелей әуе рейсі ашылады.

Алматыдан Балиге тікелей әуе рейсі ашылады
842

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезияның Қазақстандағы елшісі доктор Мохамад Фаджроэль Рахманмен кездесуінде Алматыдан Балиге тікелей рейстерді ашу туралы талқылады.

«Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристердің көптеп келуі үшін доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды. Әрбір тараптың авиакомпаниялары елдер арасында 5 ретке дейін тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға құқылы», - делінген комитет хабарламасында.

Қазақстан авиакомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия авиакомпаниялары үшін – Астана және Алматы қаласы.

Серіктес жаңалықтары