4379
«Маған ренжиді»: Сейфуллин Жолбарыс 93 жастағы анасы жайлы айтты
Әнші Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасында сұхбат берді.
Өнер иесі онда жеке отбасы жайлы баяндап, 93 жастағы анасы туралы айтып берді.
«Анам биыл 94 жасқа толады. Денсаулығы жақсы, тың. Әлі күнге дейін ұшақпен ұшады. Жанына біреуді қосып жіберсең, маған ренжиді. «Керек емес. Сен шығарып сал. Ол жақтан біреу күтіп алсын» дейді. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген рас негізі. Еркелеймін. Әлі күнге ұрысады маған», - деді әнші.