«Тосқауыл көп болды»: Мақпал Жүнісова күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі өмірі туралы айтты

Ол жұбайының қазасынан соң, 3 жыл бойы сахнадан шеттетілгенін айтып, көзіне жас алды.

«Тосқауыл көп болды»: Мақпал Жүнісова күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі өмірі туралы айтты
фото: turkystan.kz
2115

Әнші Мақпал Жүнісова «Алғашқы» бағдарламасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов өмірден өткеннен кейінгі өмірі жайлы баяндап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тосқауыл көп болды. Үш жылдай маған сахна берілмеді. Ол мен үшін өліммен тең десем де болады. Сол уақыттарда көп сүріне бастадым. Анамның жанына барып, жылайтынмын. Ол кісі «Қызыңды ойла, оны өсіруің тиіс. Өсірмесең, сені Заманбектің әруағы кешірмейді» деді. Қызымды мектебіне апарып жүру - алданыш болды.

Бәрі өтті. Түңілуге болмайды екен. Жылап-жылап алуға болады, бірақ сүрінбеуге тырысу керек. Тек алға деу қажет», - деді көзіне жас алған Мақпал Жүнісова.

 

Серіктес жаңалықтары