Такси жүргізушісі алданған зейнеткерге 3 миллион теңгесін қайтарып берді

Алаяқтар қызының ем-домына қажет деп 3 миллион теңге сұратқан.

Такси жүргізушісі алданған зейнеткерге 3 миллион теңгесін қайтарып берді
2020

Зейнеткер такси жүргізушісіне ішінде 3 миллион теңге бар сөмкені қызына апарып беруін өтінген, деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Лисаковск қаласында тұратын 87 жастағы зейнеткерге әлдебіреулер хабарласып, қызының жол апатына түскенін, оның ем-домына тез арада 3 миллион теңге қажет екенін айтқан.

Ойланбастан бар жиған-тергенін сөмкеге салған зейнеткер такси жүргізушісіне мұны алаяқтар айтқан мекен-жайға апарып беруін өтінген. Алайда, такси жүргізушісі бұл жерде бір гәп барын сезіп, полицейлерге хабарласқан.

«Серік Нағашпаев кетіп бара жатып, олардың сұрағаны қомақты қаражат екенін түсінген. Содан соң ол бірден полицияға ескертіп, алданған зейнеткердің кім екені анықталды», – дейді Қостанай облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Нұғманов.

Серіктес жаңалықтары