Алматыда 73 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап кеткен

Алматыда аурухананың бірінде лифт істемей, 73 жастағы әже шахтаға құлап кеткен

Алматыда 73 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап кеткен
фото: stan.kz
1155

Бұл туралы жәбірленушінің немересі Instagram парақшасында мәлімдеді. Оқиға Алматы ревматологиялық орталығында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

"17 қыркүйекте әжем Алматы қаласының қалалық ревматологиялық орталығына жоспарлы емделуге барды. Ол бұрын тізесіне ота жасағандықтан (тізе буындарын эндопротездеу), оған баспалдақпен көтерілу өте қиын. Сол күні оларда лифт жұмыс істемеген екен. Бірақ әжем бұл туралы білмегендіктен лифт шақырады да, биіктігі 1.3 метр шахтаға құлайды. Онда лифт істемейді деген белгі де, жазу да болған жоқ", – дейді алматылық тұрғын.

Немересінің айтуынша, соның салдарынан қарияның фибуласы және төрт қабырғасы сынған, миы шайқалып, денесі көгеріп, сырылған және шок алған. Бейнебақылау камераларының жазбаларында құлау сәті таспаланбаған.

Аурухананың жетекшісі лифт істемейді деген жазу болғанын, бірақ оны біреу жұлып алғанын айтады. Бірақ бейнекамерада оның құлаған сәті жоқ дейді, бірақ әжемнің шахтадан шығарылғанын түсіріп үлгердім, – дейді жігіт.

Айтуынша, басшылық бейнекамера жазбаларын өшіріп үлгерген.

Серіктес жаңалықтары