«Головкин емес»: Қазақстанның үздік боксшысы анықталды

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ұзақ уақыт үзіліс себебімен Boxrec.com рейтингінен шығарылды.

«Головкин емес»: Қазақстанның үздік боксшысы анықталды
Фото: sputnik.kz

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингіде Қазақстанның үздік боксшысы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ұзақ уақыт үзіліс себебімен Boxrec.com рейтингінен шығарылды. Осылайша ол Қазақстанның үздік боксшылары тізіміндегі бірінші орыннан түсіп қалды. Головкиннің орнын WBO International нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) басты, деп жазды BasSport.kz.

Қазақстан боксшыларының ТОП-үштігіне, сондай-ақ WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9КО) мен Бекман Сойлыбаев (17-1, 18КО) еніп отыр.

Геннадий Головкинге келер болсақ, 41 жастағы боксшы биыл барлық чемпиондық белдігінен бас тартқан болатын. Ол рингке орала ма, әлде спорттан кету туралы шешім қабылдай ма – әзірге белгісіз.