Үтікпен ұрып, тістеген: Ақсу тұрғыны полицейге шабуыл жасады

Қала тұрғыны мас күйде жанжал шығарып, полицейге шабуыл жасаған

Үтікпен ұрып, тістеген: Ақсу тұрғыны полицейге шабуыл жасады
novorossiysk.ru
1380

Павлодар облысында мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, басынан үтікпен ұрып, білегін тістеп алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, сағат 21:00-де қала тұрғыны полицияға хабарласып, Қамзин көшесіндегі пәтердегі отбасылық жанжал туралы мәлімдеген.

Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы барған. Полиция қызметкері келген соң, тұрғын мас күйде жанжал шығарып, өзін агрессивті ұстаған ұлына шағымданған.

«Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, агрессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан ұрып, білегінен тістеп алды. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам мас күйде болды, осы жағдайды анықтау үшін құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Серіктес жаңалықтары