Елімізде қант өндірісі күрт қысқарды

Шілдемен салыстырғанда көрсеткіш 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға кем.

Елімізде қант өндірісі күрт қысқарды
tengrinews.kz
1449

Елімізде қант өндірісі күрт қысқарды, деп хабарлады turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде тамызда 9,3 мың тонна қант өндірілген.  Шілдемен салыстырғанда көрсеткіш 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға кем. Осылайша, өндірісте төртінші рет құлдырау байқалып отыр.

Бірінші кредиттік бюро бұған маусымдық себептер әсер етуі мүмкін екенін айтады. Себебі өткен жылдардағы тамызда да қант өндірісінің айтарлықтай төмендегені байқалған. Мысалы, 2021 жылы (- 66,7%), 2020 жылы (-65%), 2019 жылы (-21,5%). 

Екінші жағынан, қант импорты өсіп келеді. 7 айдың қорытындысы бойынша, импорт көлемі 322,6 мың тонна (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) болған. Соның ішінде, Ресей қант жеткізуді үш есе, 180,5 мың тоннаға дейін өсірген.

Серіктес жаңалықтары