БҚО-да 6 адам қаза тапты

Олардың екеуі 34 және 33 жастағы ересек адам, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар.

БҚО-да 6 адам қаза тапты
фото: шық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Оқиға 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында болған.

Самара-Шымкент республикалық автожолының 290-шақырымында DAF фурасы мен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың екеуі 34 және 33 жастағы ересек адам, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті.

«Жол апатының толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.