Алматы облысындағы балабақша маңында 3 жасар бала көз жұмды

13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қырбалтабай ауылында оқыс оқиға болды.

Алматы облысындағы балабақша маңында 3 жасар бала көз жұмды
фото: ашық дереккөз
1645

Үш жасар бала балабақша аумағындағы септикке құлап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Алматы облысы ПД басшысының жазуынша, 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында 3 жасар бала Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның аумағында ашық кәріз құдығына құлап, кейін ауылдық ауруханада қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Мен тергеу барысын жеке бақылауыма алдым, - деді облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.

ПД басшысы ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары