Президент Қатардың Power International Holding компаниясының басшыларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты
Мемлекет басшысы Қатардың Power International Holding компаниясының басшылары Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент еліміздің Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі саналатын Power International Holding компаниясы Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту бойынша Қазақстанда кешенді шаралар қабылданып жатқанын және шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.