Жаңа заң жобалары Мәжіліс қарауына түсті

Палата комитеттері бірқатар ратификацияланатын құжатты жұмысқа қабылдады

Жаңа заң жобалары Мәжіліс қарауына түсті
ашық дереккөз
1112

13 қыркүйекте Мәжілістің пленарлық отырысында палата комитеттері бірқатар ратификацияланатын құжатты жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдымен «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім» талқыланды. Заң жобасы 2022 жылғы 20 қазанда Ереванда жасалған Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.

Келісімнің мақсаты – халықаралық қаржы ұйымы ретінде Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру.

– Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қатысуымен Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру қатысушы елдердің экспорттық-импорттық қарым-қатынастарын дамытуға, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, экспорттық кредиттерді қайта сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыру жолымен тараптардың үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге қолайлы әсер ететін болады, – деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Нұртай Сабильянов өз баяндамасында.

Сонымен қатар, «Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім» туралы жоба талқыланды.

Серіктес жаңалықтары