Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны Феруза Корчиева азаматтарды алдап, 12,7 миллион теңге алған.

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр
1883

Полицияның дерегінше, ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз кеткен. Аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліген, бірақ ауруханадан қашып кеткен.

Бөлім іздестіріліп жатқан әйелдің қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білсе, 102, 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

 

Серіктес жаңалықтары