Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр
ашық дереккөзі
50495
Беларусь Республикасының нарығына экспортты кеңейту мәселелері талқыланды. Жиында металлургия, тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі және машина жасау салаларында өндірілетін 105 қазақстандық тауардың алдын ала тізбесі айқындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Алексей Богдановпен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар өсіп келе жатқан тауар айналымының оң динамикасын бағалады, 2022 жылы көрсеткіш 1,1 млрд АҚШ долларына жетті.  Осы жылдың 6 айы ішінде де екі ел арасындағы сауда айналымының оң динамикасы байқалды, ол 1,5% құрады (456 млн.АҚШ доллары) Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастар мен өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін көпжақты форматта талқылады.
«Мемлекет басшылары екі елдің Үкіметтерінің алдына сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан-Беларусь қатынастарын жан-жақты дамыту аясында нақты міндеттер қойды. Біз тауар айналымды ұлғайтуға ұмтылуымыз керек және бұл үшін үлкен әлеуетіміз бар», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Өз кезегінде Алексей Богданов Қазақстанмен серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауданың дамуына әсер ететін шектеулерді алып тастау мәселелері бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға үміт білдірді.  

Серіктес жаңалықтары