50484
«Құқықтық көмек»: заңгер жаңаөзендік тұрғындардың мәселесін шешіп берді
«Құқықтық көмек»: заңгер жаңаөзендік тұрғындардың мәселесін шешіп берді
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар аса маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың аз қамтылған отбасыларға құқықтық көмек беру, өзін қорғауға көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өткізуде.
Партияның Жаңаөзен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен аталған жоба аясында жергілікті заңгер Жұмабике Жәумітбай тұрғындарға құқықтық кеңес берді.
Құқық қорғаушыға жаңаөзендік Алтын Айманова заң жүзінде ажырасқан жолдасы алимент төлемейітіні туралы шағымданып, мәселені заң жүзінде шешіп беруін сұрады. Нәтижесінде, қала тұрғыны заңгердің көмегі арқылы белгіленген мөлшер бойынша, ай-сайынғы тиісті жәрдемақыны алатын болып келісілді.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында ай сайын тұрғындарға тегін құқықтық кеңес көрсететінін хабарлайды.