Бердібек Сапарбаев өткен жылды қорытындылады

Бердібек Сапарбаев өткен жылды қорытындылады

Бердібек Сапарбаев өткен жылды қорытындылады
ашық дереккөзі
188
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Шараға қоғам өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының, қоғамдық, діни, этномәдени бірлестіктердің, ірі шаруашылық субъектілерінің, қаржы институттарының басшылары, БАҚ өкілдері барлығы екі мың адам қатысты. Сондай-ақ, облыстағы 12 ауданнан он мың адам онлайн режимінде қосылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Есептік кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ төрағасы Ерболат Досаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қатысты. Ақтөбе облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Үкіметінің қолдауымен облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін төмендетпеу, жұмыссыздық саны өсуіне жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық шаралар қабылданғанын атап өтті. Жалпы алғанда облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өсімнің оң өзгерісі байқалады, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірдегі экономика өсімінің деңгейі 102%-ға дейін жетеді деп күтілуде. 16 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан көтерілген жоқ. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің өсімі -115,8%, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі — 108,7 млрд теңгені құрап, тартылған инвестиция– 101,3%, бөлшек сауда айналым көлемі – 101,2%, ал ШОБ-тің әрекет етуші субъектілері 101,5% артты. Өңірде инвестиция көлемі 28 млрд теңге болатын МЖС 38 жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда, атап айтқанда: түрік инвесторларымен бірлесе салынатын құны 5,5 млрд. теңге құрайтын қалалық жедел-жәрдем бекеті, 2,9 млрд. теңгеге офтальмологиялық аурухана, 616 млн. теңгеге стоматологиялық емхана, 3,5 млрд. теңгеге Мұз сарайы салынады. 2017 жылы 23 мектептің, 65 бала бақшаның құрылысы басталады деп күтілуде. Олардың 54-і бюджеттен тыс қаражат есебінен салынбақ. Медициналық кластері, өңіраралық кооперация, «Ауылды жұмыспен қамту», «Бастау» және т.б. бойынша бірқатар жобалар облыста табысты жүзеге асырылуда. Бердібек Сапарбаев облыстың 2016 жылы 2,5 млрд. АҚШ долларының өнімін сыртқа шығарғанын жеткізді. 2017 жылы экспортты 12%-ға өсіру жоспарлануда. Облыс өзін-өзі жеке азық-түлікпен 60% қамтып отыр, 1310 жеке қожалық бірігіп, 107 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңір басшылығы Еуропа қайта құрылымдау және даму банкі және Ислам даму банкі — халықаралық қаржы институттарымен 19,5 мың гектар суармалы жерлерді және 12,7 млрд. теңгеге 25 мың гектар көлдетіп суаратын жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өңіраралық кооперация асында 4,3 млрд. теңгеге 21 мың тонна өнім әкелінді (2017 жылы 5,4 млрд. теңгеге жоспарлануда), сонымен қатар, облыстан 9,4 млрд. теңгенің 45 мың тонна өнімі жеткізілді. ШОБ субъектілері 650 млрд. теңгенің өнімін өндірді (2017 жылы 750 млрд. теңгеге жоспарлануда). Кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары аясында 39,1 млрд. теңге көмек көрсетілді. 2017 жылы бұл сома 43 млрд. теңгеге дейін артады деп күтілуде. 2016 жылы Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7974 жер телімі берілді. Бұл соңғы жеті жылмен салыстырғанда артқаны байқалады (2009-2015 жж — 6531 жер телімі). 2017 жылы 14 886 жер телімін бөлу жоспарлануда. Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерді, ауылшаруашылық және коммерциялық жерлерді бақылау үшін республика бойынша алғаш рет тұрғын үй құрылысының электрондық қор мәліметтері жасалды. Барлық қаржы көздерінің есебінен 616 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2015 жылмен салыстырғанда 15% артық. Ағымдағы жылы 650 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарлануда. «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасы аясында 2017-2018 жылдары «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында Үй құрылысы комбинаты технологиясы бойынша 500 жылдам тұрғызылатын аз қабатты тұрғын үйлерді (83 мың шаршы метр) салу жоспарда бар. Тұрғындардың көгілдір отынмен қамтылуы 86,7%, облысты әрі қарай газдандыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 7 млрд. астам теңгеге меморандумға қол қою бойынша алдын-ала келісім жасалды. Тұрғындардың ауыз сумен қамтылуы 90,6%, 2017 жылы бұл көрсеткіш 92,2% құрайтын болады (194 елді мекен), 5,7 млрд. теңгеге 30 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2017 жылы 28 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы қарастырылған (20 аудандарда және 8 облыс орталығында), 2018 жылы облыстың барлық елді мекендері медициналық мекемелермен қамтылатын болады. 2016 жылы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарымен 29,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2017 жылы тағы 31 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 9,3 млрд. теңге бөлініп, 13,4 мың адам жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5 есе артық (2015 жылы 1,6 млрд. теңге бөлініп, 2,5 мың адам еңбекпен қамтылған болатын). Қолданылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 4,8% (ҚР — 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,4% асырмауға мүмкіндік болды. 2017 жылы 4,9 млрд. теңге бөлініп, нәтижелі жұмыспен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бастау алмақ, осыған орай 6663 адамды қамтып, 2000 астам адамды оқыту жоспарлануда. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыс орталығы мен 12 аудан қамтылды. 3900-ден астам іс-шаралар өткізіліп, 215 мың адам қамтылды, 11,2 мың тұлғаға көмек көрсетілді. Құқық қорғау, арнайы, қадағалау органдарының, сот жүйесінің басшыларымен бірге облыстың барлық аудандарына іс сапарлар ұйымдастырылып, елді мекендерде 9 мыңнан астам халықпен кездесулер өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 14 мың адамға 200 млн.теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көмек көрсетілді (көмір, дәрі, жылы киім-кешектер сатып алып беру, көгілдір отын тарту, тұрғын үйлерді жөндеу және т.б). Парыз қорының есебінен 193 мұқтаж отбасыға 23 млн. теңге көлемінде қажетті көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары