Facebook-те ауру баланың суретін қойып, ақша жинаған аккаунттер өшірілді

Facebook-те ауру баланың суретін қойып, ақша жинаған аккаунттер өшірілді

Facebook-те ауру баланың суретін қойып, ақша жинаған аккаунттер өшірілді
ашық дереккөзі
419
«Фейсбук» қатерлі ісікке қарсы емге ақша жинау үшін ауру баланың фотосын жариялаған екі аккаунтты өшірді. Фотосурет өткен жылы түсірілген, ал ондағы сәби шешек ауруының ауыр түріне шалдыққан. Қазір оның дені сау, деп жазады Би-би-си. Әлеуметтік желінің техникалық бөліміне үш жасар Джаспердің анасы Сара Аллен хабарласты: оның ойынша алаяқтар Джаспердің фотосуретін пайдаланып, қаражат жинағысы келген. Баланың фотосуреті бар "Фейсбук" посттарында әлеуметтік желінің ота жасатуғу қаражат бөлетіні айтылған. Хабарламаға сәйкес, төленетін сома «лайк» басып, пікір жазып, жазбаны бөліскен адамдардың санына байланысты. Нәтижесінде пост астына он мыңдаған адам пікір қалдырып, 1,2 миллионнан астам адам бөліскен. Сара Алленнің отбасы Кембриджширде Сейнт Неотс қаласында тұрады. Оның ойынша, аккаунт иелері Джаспердің суретін жергілікті БАҚ-тан алған. Өткен жылы тамыз айында жергілікті басылым Джаспердің ауыр сырқаты туралы мақала жазды. Онда Джаспердің анасы үкіметтен барлық науқасқа шешекке қарсы тегін вакцина беруін сұраған еді. Әлеуметтік желідегі акаунт иелері Джасперді қатерлі ісікпен ауыратын бала деп жазған және өткен жылғы шешекпен ауырған фотосуретін жариялаған.

Серіктес жаңалықтары