Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтатқан дұрыс – Эльдар Шамсутдинов, экономист

Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтатқан дұрыс – Эльдар Шамсутдинов, экономист

Квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтатқан дұрыс – Эльдар Шамсутдинов, экономист
ашық дереккөзі
50405
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты сек­­торға кредит берудің деңгейі төмен екенін ай­тып өтті, бұл ретте мәселенің өзекті екенін де нақ­ты айтты. Еліміз жеңілдетілген несиелер ар­қы­лы экономиканы ынталандыру бағдарламаларының сал­дарынан инфляцияның жоғары деңгейін бастан өт­керді, бұл жайттың қайталанғанын ешкім қала­май­ды. Кезекті квазимемлекеттік жобалардан басқа, Пре­зидент нұсқаған бағытты бәрі бірдей дұрыс тү­сінген жоқ, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөл­шерлемесін төмендетуге тырысқан лоббистер іске білек сыбана кірісті, пікірталас қыза түсті: кез кел­ген жобаға арзанға ақша берсек, жұмыс орын­да­ры пайда болады, кіріс өсіп, экономикамыз жақ­сара түседі дейді. Өкінішке қарай, бұдан ештеңе өн­бейді, нақты секторды несиелеу базалық мөл­шерлеме көтерілгенге дейін төмендеді, 2014 жылы ірі және орта бизнес шокты бастан өткерді, ірі холдингтер банкротқа ұшырады. Корпоративтік сег­менттегі төлем қабілеті бар қарыз алушылар са­ны бірнеше есе азайды. Ал егер квазимемлекеттік сек­тордағы компанияларды алып тастасаңыз, онда қа­рыз алушыларды саусақпен санап алуға болады. Ірі қарыз алушылардың дефолттарына жауап ре­тінде реттеуші Үкімет экономиканы ынталандыру бағдарламаларын ұлғайта отырып, корпоративтік биз­несті несиелендіруді реттеуді айтарлықтай кү­шейтті. Бір жағынан, қаржы секторына мемлекеттік бюд­жеттен жұмсалған әрбір теңге ЕДБ-де депо­зит­тер жасайтын жағдай орын алды. Мұндай ақша мас­сасы инфляцияға әсер етті, бірақ статистиканы қолмен реттеуге байланысты инфляция көлеңкеге тү­сіп, ұлттық валютаның сатып алу қабілетіне әсер ет­ті, теңге арзан болды. Түрлі өзгерістер болды, пайда болған жаңа тех­но­логиялар қарыз алушыға жеке тұлғаға кредит сын-қатерін тез есептеуге мүмкіндік берді, бұл кре­­­диттер бойынша ше­шім қабылдау процесін се­кунд­тарға дейін жеңіл­­детті, ал жинақ­тал­ған ақша массасы тұ­тынушы­лар­дың не­сиесіне кетті. Бір жа­ғы­нан заңды тұлға­лар­ға несие берілді, екін­ші жағынан жеке тұлғалар бойынша реттеу жеңілдетілді. Бұл қаржы секторындағы несие портфолиосының ахуа­лын өзгертті. Біз қазір көріп отырған жағдай кенеттен пайда бол­ған жоқ, бұл 10 жылдық процестің нәтижесі. 10 жыл ішінде корпоративтік несиелеу блогы на­шар­лады, құзыреттер басқа секторларға өтті, кор­пора­тивтік қарыз алушылар оффтейк келісімшарттарын бел­сенді қолдана бастады. Ірі және сапалы қарыз алу­шыны табу да – үлкен жұмыс. Сондықтан Президент мәселенің өзекті әрі күр­делі екенін баса айтты, ірі қарыз алушыларды қай­тадан нөлден бастап құру мүмкін емес және олар ақшаны қайтара алады деп үміттене де ал­маймыз, ірі зомби компанияларға қолдау көрсетуді та­ғы жалғастыруға келмейді, өйткені олар несие пирамидаларын қалыптастырады (несиелерді жаңа несиелермен төлейді). Жағдай күрделі, одан шығу­дың жолы – сын-қатерді түсіне алатын инвес­ти­циялық банктерді немесе бутиктік инвес­тор­ларды, компанияларды тарту болуы мүмкін. Сондай-ақ Қа­зақстан Даму банкінен басқа квазимемлекеттік сектордағы компанияларды кредиттеуді тоқтату қажет. Олардың міндеті – кредиттеуді интиту­циа­лизациялау және күрделі инфрақұрылымдық жо­баларға инвестициялау. Квазимемлекеттік сектор субъектілері инвестициялау кезінде соңғы тармақты, несиені қайтару керек екенін ұмытып ке­теді. Соның нәтижесінде, пайда жекешеленіп, шы­ғыны мемлекетке өтеді.

Серіктес жаңалықтары