50404
Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар грек-рим күресінен әлем чемпионатында 3 жүлде алды
Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар грек-рим күресінен әлем чемпионатында 3 жүлде алды
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Ал еліміздің жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.
Ересектер арасында:
1-орын – Асан Нұржан (82 кг);
3-орын – Орманов Абылайхан (63 кг);
3-орын – Шонку Хайратхаан (130 кг).
Жастар арасында:
1-орын - Самарин Андрей (67 кг);
1-орын - Әбдрәсіл Рамазан (97 кг);
2-орын - Бабашов Сұлтан (63 кг);
2-орын - Прогудин Денис (72 кг);
3-орын - Мырзаев Азамат (77 кг);
3-орын - Тілеумбет Мухаметали (82 кг).
Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың алғашқы күндерінде кадеттер арасында жарыс өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен командалық есепте 1-орынды иеленген болатын.
Жоғары нәтижеге қол жеткізген балуандарды ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтады.
«Балуандарымызды осынау керемет нәтижемен құттықтаймын. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Бұл нәтиже үлкен жеңістердің бастамасы ғана екеніне және еліміздің Әнұраны басқа да ірі турнирлерде, соның ішінде сурдлимпиада кезінде шырқалатынына сенімдімін. Шеберлік шыңдаудан және жаңа белестерді бағындырудан талмаңыздар», - деді Ермек Маржықпаев.
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында Қырғызстан астанасы - Бішкекте өтті. Турнирге 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрес бойынша жүлдеге таласады.