50539
«Қазақстан халқына» қоры 800-ден астам талапкерге грант берді
«Қазақстан халқына» қоры 800-ден астам талапкерге грант берді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге берілді.
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ 40 000 теңге көлемінде стипендия көзделген.
Білім беру гранттары талапкерлерге Бағдарламаның келесі критерийлері бойынша берілді:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21,6%;
- мүгедектігі бар – 181 талапкер немесе 22,1%;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31,8%;
- 2022 жылғы қайғылы Қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары – 2 талапкер;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар – 1 талапкер.
Гранттар: «Мұғалімдерді даярлау» мамандығына – 130 талапкер, «Қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті», «Шет тілдері» мамандығына – 67 талапкер, «Құқықтану», «құқық», «құқық қорғау қызметі» мамандығына 50 талапкерге берілді.