Желіде 8 әйел үш қызды соққыға жыққан видео тарады (ВИДЕО)

Желіде 8 әйел үш қызды соққыға жыққан видео тарады (ВИДЕО)

Желіде 8 әйел үш қызды соққыға жыққан видео тарады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50541
Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. Видео авторы оқиғаның 6 қыркүйек күні Семейдегі мейрамханалардың бірінде болғанын жазған.
«Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыздар бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.
Абай ауданының полиция басқармасына аталмыш факті бойынша, орталық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бір топ адамдар жасаған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны туралы мәлімдеді.
«Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полиция.
Ведомство зардап шеккендердің жасын нақтылады. Олар 1997-2002 жылдар аралығында туған. Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ibrayeva Aruzhan (@ibrayeva.vd)

Серіктес жаңалықтары