50587
БҚО-дағы атыс: жараланған 3 адамға қатысты тың мәлімет шықты
БҚО-дағы атыс: жараланған 3 адамға қатысты тың мәлімет шықты
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында оқтан жараланып, ауруханаға түскен үш адамға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, 5 қыркүйекте кешке шаруа қожасы мен ауыл тұрғыны арасында туған кикілжің дауға ұласып, арты атысқа жалғасқан. 48 жастағы азамат көлігінен аңшы мылтығын алып шығып, оқ жаудырған. Салдарынан 34 жастағы ер адамға және сол маңнан өтіп бара жатқан 59 жастағы әйел мен бір жастағы қызға бытыра тигені белгілі.
Almaty.tv мәліметінше, облыстық балалар ауруханасына түнде жеткізілген кішкентай қызға ота жасалған.
Сәби көп қан жоғалтпаған. Хирургиялық жолмен бытыра ұшқыны алынды. Әзірге дәрігер бақылауында болады, – деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жайдар Сапарғали.Жараланған екі адам аудандық ауруханаға жатқызылған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Сырым аудандық АПБ уақытша изоляторнына қамуға алынды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазір болған жағдайға қатысты егжей-тегжей тергеу басталды. Күдіктіге адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.