50787
Ақтөбеде егде жастағы әке-шешесін өлтірген ер адам ұсталды
Ақтөбеде егде жастағы әке-шешесін өлтірген ер адам ұсталды

Ақтөбе қаласында 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында өз пәтерінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген егде жастағы ерлі-зайыптылардың денесі табылған болатын, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, облыс прокурорының міндетін атқарушы Қуандық Рахметов шықты. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталып, Ақтөбе қаласының УҰИ-на қамауға алынды.
«Сол күні №2 қалалық полиция бөлімі ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен қосарланған кісі өлтірді деген күдікті анықталды, ол мойындау айғақтарын берді», – деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.