«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – делінген полиция хабарламасында.
Қостанайда лифтте итті ұрған адам жазаға тартылды

Қостанайда лифтте итті ұрған адам жазаға тартылды
Әлеуметтік желіде Қостанайдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жеделсаты ішінде итті ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Аталған оқиға полиция назарына да ілікті, деп хабарлады turkystan.kz.
Қостанай қалалық полициясы арнайы тексеру жүргізіп, видеодағы ер адамның иттің иесі екенін анықтады.