«Шашым түсе бастады»: актер Рамазан Амантай артық салмақ уайымына айналғанын айтты

«Шашым түсе бастады»: актер Рамазан Амантай артық салмақ уайымына айналғанын айтты

«Шашым түсе бастады»: актер Рамазан Амантай артық салмақ уайымына айналғанын айтты
ашық дереккөзі
51441
Актер Рамазан Амантай кейінгі кезде артық салмақ өзінің ғана емес, ата-анасының да уайымына айналғанын тілге тиек етті. Ол бұл туралы Нұржан Еркінұлына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский в Америке» кинотуындысына түскеннен бастап дене бітімінде өзгерістер пайда болып, артық салмақ қосқан.
«17-18 жасымда шашым түсіп, салмақ қоса бастадым. Нұрлан аға: «Сен әр бизнес сайын 10 келіден қосып жатырсың» деп әзілдейді. Бірақ мен оны рухани фактор деп ойлаймын. Өзім күресіп жүрген мұңдарым бар. Бір қарағанда, болмайтын нәрсе, бірақ соны әлі күнге дейін жеңе алмай келе жатырмын. Тамақтан дейін десем, ел қатарлы-ақ жеп жатырмын. Үйдің үлкені болған соң мойнымда үлкен жауапкершілік бар, ата-анам да маған көбірек сенеді. Отбасымды өзім асырап жатырмын. Ол да күйзеліс. Бірақ өзімнің ерік-жігерім жетпей жүр деп те ойлаймын. Жүгіріп, авокадо жеп, нанды азайтсам, тез салмақ тастаймын. Салмағыма байланысты көп хейт айтылады. «Жардай болып семіріп алыпсың» дейтіндер де бар. Үйдегілердің бірінші уайымы – менің салмағым. Маған меңземейді, «Аз, балам» деп тіке айтады», – дейді Рамазан Амантай.
Актер осыған дейін артық салмақтан арылуға ерік-жігері жетпей жүргенін айтты. Кейінгі кезде айналасындағылардан көп сын естіген. Енді көпшілікке арықтаймын деп сөз берді.      

Серіктес жаңалықтары