Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты

Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты

Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты
ашық дереккөзі
50473
Канберра (Аустралия) қаласының дәрігерлері 64 жастағы жергілікті тұрғынның миынан ұзындығы 8 см құрт алып шықты. Бұл туралы SkyNews хабарлады. Іші ауырып, мазасы қашқан аустралиялық медициналық тексерістен өтіп, ақыр аяғында басына ота жасатқан. Ота барысында нейрохирургтер оның ағзасынан ұзындығы 8 см тірі құртты алып шыққан. Бір айта кетерлігі, Ophidascaris roberts типіне жататын бұл паразиттер бұрын-соңды адам денесінен табылмаған. Белгілі болғандай, науқас усыз ірі жыландар жайлаған өзен жағасындағы үйде тұрады. Ол маңайда өсіп тұрған жабайы өсімдіктерді жинап, тамағына қосқан. Дәрігерлердің айтуынша, құрттың дернәсілі науқастың ағзасына өсімдіктер арқылы таралған.

Серіктес жаңалықтары