50674
«Сирек жайт»: Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді (ВИДЕО)
«Сирек жайт»: Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді (ВИДЕО)
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қызыл кітапқа енген бір топ қоқиқаз Атырау қаласының маңындағы мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан "Сасық сай" булану алаңына қонған, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазір бұл жерде әкімдік пен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Атырау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған Tazalyq экологиялық жобасын жүзеге асыруда. Орнитологтардың пікірінше, бұл жерге қоқиқаздардың қонуы экологиялық мәселе жоқ екендігін білдіреді.
«Бұл – сирек кездесетін жайт. Жергілікті тұрғындар арасында «Сасық сай» аталып кеткен булану алаңы қоқиқаздардың аялдайтын орнына айналған. Демек, бұл алаңда қоқиқаздарға табиғи азық болатын ұсақ шаянтәрізділер бар деп болжауға болады. Мұнда өсімдіктер мен микроағзаларды өсіретін микробиологиялық процестер жүргізіліп жатыр», - дейді Илья Бофонов.