Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
50447
Қазгидромет ел аумағында 5 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.
«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі күтіледі» деп жазды синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары