Түркияда қаза болған қазақстандықтар: СІМ мәлімдеме жасады

Түркияда қаза болған қазақстандықтар: СІМ мәлімдеме жасады

Түркияда қаза болған қазақстандықтар: СІМ мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50341
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандық отбасы туралы мәлімет берді, деп хабарлады turkystan.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, кеше суық хабар алдық. Жол-көлік апаты болып, бір жанұя (қазақстандық – ред.) зардап шекті. Оның салдарынан 1989 жылы туған әйел мен екі жасар қызы қайтыс болды. 86 жылы туған ер азамат, сол әйелдің күйеуі ауыр жағдайда, жансақтау бөлімінде жатыр қазір. Ал 2014 жылы туған ер бала ауруханада. Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Біздің дипломаттар ол отбасының туыстарымен байланыста. Бүгін-ертең туыстары Түркияға жету керек. Барлық қажетті консулдық, құқықтық көмек көрсетеміз. Бұл отбасы Түркияға демалуға келген болатын. 31 тамыз күні келген, бүгін елге қайту керек еді. Кеше бір экскурсияға шығып, сафари-көлікке мініп, басқа көлікпен соқтығысқан кезде бәрі мәшинеден ұшып кеткен», - деді ол.
Министрліктің ресми өкілі көлікте 15 адам болған деген дерек бар екенін айтады.
«Соның төртеуі біздің азаматтар. Екеуі көз жұмды. Екеуі қазір ауруханада. Бұл отбасында сақтандыру полюстері болған. Түркияға туыстары жеткен соң, сол жерде нақты шешім қабылданады. Жақын арада Қазақстанға тездетіп жеткізуге көмек көрсетіледі», - деді ол.
Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі қазақстандықтарды шетелде жүрген кезде қауіпсіздікке баса көңіл бөлуге шақырды.
«Айта кететін жайт, біздің азаматтар шетелге демалуға барған кезде немесе басқа мақсаттармен жүрген кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн деп ойлаймыз. Біздің білуімізше, рас па, өтірік пе, тергеу анықтай жатар, қауіпсіздік белдемшесін тақпаған. Содан мәшинеден бәрі ұшып кеткен», - деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары