Мақсат Толықбай: Жолдаудың негізгі идеясы – әрбір адамның құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру

Мақсат Толықбай: Жолдаудың негізгі идеясы – әрбір адамның құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру

Мақсат Толықбай: Жолдаудың негізгі идеясы – әрбір адамның құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру
ашық дереккөзі
50323
Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен кеңес өткізіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай жаңа құжаттың мәні мен маңызына тоқталып, оның ел экономикасын дамытуға қосар үлесін атап өтті.
«Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – орындалу мерзімі қысқарған, нақты бағыттары айқындалған және тиісті міндеттер жүктелген маңызды стратегиялық құжат. Оның негізгі идеясы – әрбір адамның, кәсіпкердің құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру. Президент Су ресурстары және ирригация министрлігін құру жөнінде аса маңызды шешім қабылдады. Бүгінде су тапшылығы – бүкіл әлемде ғаламдық проблемаға айналған ортақ мәселе. Ғалымдардың айтуынша, алдағы 40 жылда дүние жүзіндегі ең ірі соғыс осы суға таластан басталады», – деді халық қалаулысы.
Оның айтуынша, осы күннің өзінде судың маңызы мұнай мен газдан кем түспейді. Енді нақты сұрау салатын, жауап талап ете алатын ведомство құрылып жатыр.
«Дүкенде 1 литр су 1 литр жанар-жағармайдан қымбат. Сондықтан, су саласына жауапты болатын жаңа министрлік құру туралы шешімі – өте орынды. Бұл – аса құптарлық шешім. Еліміздегі ең ірі өзендер көрші мемлекеттерден бастау алады. Сырдарияның, Ертіс пен Жайықтың, Балқаштың жағдайына назар аударатын уақыт келді. Түптеп келгенде, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің уақтылы орындалу-орындалмауы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты болмақ», – деді Мақсат Толықбай.

Серіктес жаңалықтары